қазақша · русский · english
 
 
 
16.03.2022

Тәжірибе студенттердің өзіндік жұмысының элементі ретінде

 

Жаратылыстану және география институты педагогикалық емес мамандықтарының 4 курс студенттері академиялық күнтізбеге сәйкес 2022 жылдың 24 қаңтар - 18 сәуір аралығында тәжірибе өткізу базаларымен жасалған шарттарға сәйкес Алматы қаласында офлайн режимде өндірістік тәжірибе өтуде.

 

Практикадан өтуді бақылауды мансапты дамыту бөлімі қызметкерлері Сауле Джамилова, Гүлжанат Камиева, Нұрсұлу Жүсіпбекова, Солтанбек Қасенов жүзеге асырады.

 

«5В060700 - Биология» мамандығы студенттері тәжірибені ҚР БҒМ ҰҒА зоология және ботаника және фитоинтродукция институттарында, «5В060600-Химия» мамандығы - А.Б.Бектұров атындағы химия ғылымдары институтында, «5В060800-Экология» мамандығы студенттері - «Қазгидромет» РМК гидрометеорологиялық бөлімінде, «5В060900-География» мамандығы студенттері - География және су қауіпсіздігі институтында, «5В090200-Туризм» мамандығы студенттері «Platinum Travel Kazakhstan» ЖШС өтеді.

 

ЖОО-дағы оқу процесі студенттердің оқу, өндірістік практикасы мен ғылыми-зерттеу жұмысының синтезі болып табылады. Практика оқу процесінің элементі ретінде университетте студенттердің алған білімдерін бекіту және кеңейту; өндіріс жағдайында мамандық бойынша жұмыстың қажетті практикалық дағдыларын игеру; технология мен еңбектің озық әдістерін игеру мақсатында жүргізіледі.

 

Тәжірибе студенттердің өзіндік жұмысын дамытуға ықпал етеді. Практикадан өту барысында студенттер өз алдына қойылған міндеттер шеңберінде ақпаратты өз бетінше іріктеуге және жүйелеуге; алған білімдерін практикада қолдануға; технология мен жабдықты зерделеуге; ұжымда жұмыс істеу дағдыларын дамытуға; өзін-өзі бақылауды жүзеге асыруға үйренеді.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу