қазақша · русский · english
 
 
 
28.02.2022

«Мамандық таңдау-жауапты қадам» мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысы

 

2022 жылдың 24-25 ақпан күндері Жаратылыстану және география институтының профессор-оқытушылары Татаринова Галия, Ивлева Надежда, Батырова Күміс, Ташенова Гүлнара орта мектептердің орыс 11-10 сыныптарының оқушыларына және мектеп мұғалімдері мен жас мамандарына магистратура-докторантураға байланысты кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара офлайн форматта өтті.

 

Ұйымдастырушылар - маркетинг бөлімінің жауапты тұлғалары Бірталаев Ерлан, Жақсибаева Жанар, Бейкитова Альбина.

 

Қатысушылар - Есік қаласының және Еңбекшіқазақ ауданының Абылайхан, Райымбек батыр, әл-Фараби, Қ.Сәтпаев, О.Мұхамадий, В.Терешкова атындағы ауылдық орта мектептерінің 11-10 сыныптарының оқушылары мен мектеп мұғалімдері.

 

Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының мақсаты - болашақ кәсіби мамандық таңдауда бітіруші түлектердің мүмкіндіктеріне, қабілеттеріне сәйкес және еңбек нарығының талаптарын ескере отырып қолдау көрсету.

 

Кәсіптік бағдар беру жұмысы оқушыларды өз мүмкіндіктерін, қызығушылықтары мен бейімділіктерін түсіну негізінде саналы, дәлелді мамандық таңдауға итермелейді.

 

Іс-шара жоғары сынып оқушыларының қызығушылығын тудырды және олар қызықтырған сұрақтарына мазмұнды жауаптар алды.

 

   

 

   

 

   

 

   




Кері оралу