қазақша · русский · english
 
 
 
31.01.2022

Абай атындағы ҚазҰПУ ғалымдарының еңбектері әлем тарихы мен географиясының дамуына үлес қосуда

 

Тарихты географиялық карталардағы мәліметтерге сүйене отырып зерттейтін, әлемге танылған ғалым Нұрлан Кенжеахметтің «Eurasian Historical Geography as Reflected in Geographical Literature and in Maps from the 13th to the Mid-17th Centuries» монографиясының жариялануы қуанышты жаңалық болды. Бір кездері түркі тарихындағы Еуразия кеңістігінің көне карталар мен ортағасырлық деректер негізінде сараланған бұл орасан зор еңбек Германияда басылып, дүние жүзі ғалымдарының арасында үлкен сенсация жасайтынына сенеміз. Бұл - тарихи картография мен географиялық топонимиканы тарих тұрғысында қолданбалы зерттеулермен ұштастыру тәжірибесі, ол отандық ғалымдардың ғылыми қызметінің басты бағытына айналды.

 

Нұрлан Кенжеахмет - Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география институтының зерттеуші-профессоры.Жақында университетімізде «Орта Азиядағы ежелгі түркі дәуіріндегі (VI-XIII ғғ.) топонимикалық мәліметтерді зерттеудің қазіргі әлемдік геосаяси жүйедегі тарихи-географиялық маңызы және аспектілері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Ғылыми жобаға жетекшілік жасаған Нұрлан Кенжеахметпен ғылыми зерттеулерді бірлесіп орындаған жас зерттеушілеріміз үлкен ғылыми тағылым алғанын айрықша атап өткіміз келеді. Мыңдаған оқырман осы орасан еңбектің қазақ тіліндегі нұсқасын тағатсыздана күтетініне және бұл іргелі туынды тарих, география саласындағы зерттеушілер үшін құнды дереккөзге айналатынына сенімдіміз!


Қазақ халқының тарихында орны ерекше болатын осындай іргелі туындының жариялануына, зерттеу жұмыстарының жүйелі жүргізілуіне қолдау көрсеткен университетіміздің Ғылым департаментіне ерекше алғысымызды бідіреміз.


Абай атындағы ҚазҰПУ, соның ішінде Жаратылыстану және география институты ұжымы Нұрлан Кенжеахметті көп жылдық еңбегінің жарық көруімен құттықтап, деніне саулық, отбасына амандық, шығармашылық табыстар тілейді!

 

   




Кері оралу