қазақша · русский · english
 
 
 
20.12.2021

«Жоғары оқу орындарында химияны оқытудың өзекті мәселелері» әдістемелік семинары

 

2021 жылдың 14 желтоқсан күні жаратылыстану және география институты, химия ББ тобының ұйымдастыруымен «Жоғары оқу орындарында химияны оқытудың өзекті мәселелері» тақырыбында әдістемелік семинар өтті.


Өзбекстан Республикасы, Фергана мемлекеттік университеті, химия кафедрасының меңгерушісі, профессор Миркозимжон Нишонов әдістемелік семинарда «Жоғары оқу орындарында химияны оқытудың өзекті мәселелері» тақырыбында баяндама жасады.


Химия ББ тобының профессоры Жеңіс Шоқыбаев білім берудегі өзгерістер туралы, қазіргі заманғы маманның жаңа талаптарын айтты.


Семинарда профессор-оқытушылар қазіргі білім беру саласындағы өзекті мәселелерді көтеріп, тақырып төңірегінде келелі ойларымен бөлісті.

 

   

 

   




Кері оралу