қазақша · русский · english
 
 
 
02.12.2021

Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығына
студенттерді таныстыру экскурсиясы

 

2021 жылдың 30 қарашасында Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығында жаратылыстану және география институтының «6В05101-Биология» мамандығының 3 курс студенттеріне арналған таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылды. Іс-шараны институттың маркетинг бөлімінің қызметкері Раушан Джунусова өткізді.


Экскурсияның мақсаты-білім алушылар арасында ғылыми-зерттеу жұмысына қызығушылықты арттыру және ғылыми-өндірістік орталығымен ынтымақтастықты дамыту.


Экскурсия барысында ақпараттық-инновациялық бөлімнің жетекшісі Замира Болатбаева ғылыми-өндірістік орталығының тарихымен таныстырды. Студенттер «Аквакультура», «Гидробиология және гидроаналитика» және «Гидробионттар генетикасы» зертханалар жұмысымен танысты. Әр зертханалық бөлімнің ғылыми қызметкерлері өз зерттеу бағыттары бойынша жасалатын ғылыми жұмыстар бойынша толық мағлұматтар берді. Студенттерге зертханалық құрылғылармен жасалатын ғылыми жұмыстардың барысы көрсетілді. Студенттер қызығушылық танытып, болашақта ғылыммен айналысуға ниет білдірді. Кездесу жоғары деңгейде өтті.Олар ғылыми-өндірістік орталығының қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.

 

   

 

   




Кері оралу