Жаратылыстану және география факультеті |
18.11.2021
7-9 сынып оқушыларының «Жас зерттеуші және тұрақты даму» тақырыбындағы зерттеу жобаларының қалалық конкурсы
2021 жылдың 17 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география институтының ұйымдастыруымен 7-9 сынып оқушыларының «Жас зерттеуші және тұрақты даму» тақырыбындағы зерттеу жобаларының қалалық конкурсы ZOOM платформасында өткізілді. Абай атындағы ҚазҰПУ, Ғылым департаментінің директоры Улжаркын Абдигапарова және Жаратылыстану және география институтының директоры Куляш Каймулдинова зерттеу жобаларының қалалық конкурсының қатысушыларына сәттілік тілей отрып, іс-шараны ашып берді.
Конкурсқа 7-9сынып оқушыларының зерттеу жобалары келесі секциялар бойынша қабылданды: 1 секция - Климаттың өзгеруіне және оның салдарларына қарсы күрес шаралары; 2 секция - Тұрақты даму бағытында биологиялық ресурстарды сақтау және тиімді пайдалану; 3 секция -Тұрақты даму бағытында экологиялық химия жетістіктерін тиімді пайдалану.
Алматы қаласының орта білім беру мекемелерінің елуден астам оқушылары қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жобалық зерттеу жұмыстарын ұсынып, қорғады.
Жеңімпаздар мен үздік жобалардың жетекшілері алғыс хаттармен, арнайы сыйлықтармен, Абай атындағы ҚазҰПУ дың I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Барлық қатысқан жоба жетекшілері мен оқушыларға қатысушы сертификаттары табысталды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|