қазақша · русский · english
 
 
 
09.11.2021

«Қоршаған орта туралы ұлттық зерде» интеллектуалды-тәрбиелік іс-шарасы


2021 жылғы 5 қарашада Жаратылыстану және география институтында Ұлттық білімді жаңғырту аясында 2-ші курс «География» мамандықтарының арасында «Қоршаған орта туралы ұлттық зерде» тақырыбында интеллектуалды-тәрбиелік іс-шара өтті. Шара институттың жылдық «Рухани жаңғыру» жоспарына сәкес ұйымдастырылды. Мақсаты - қазақ халқының мыңжылдықтар бойы қоршаған орта жағдайына бейімделуден жинақталған аса бағалы географиялық білімінің кеңдігін көрсетіп, білім алушылар арасында насихаттау.


Іс-шараның ғылыми кеңесшісі - «География, қоршаған орта және қызмет көрсеу» ББ доценті Солтанбек Қасенов, ал ұйымдастырушылар аға оқытушылар Нұржанат Шакирова мен Құндыз Садыкова және 2 курс «5В05203-География» мамандығының топ старостасы Аружан Батыр бастаған 1-ші топ студенттері. Іс-шара институт директоры Куляш Каймулдинованың алғысөзінен бастау алды.


Ойында Қазақстан жер-су атаулары, бүгінгі таңда қолданыстан шығып отырған, табиғат жағдайларын қырағы бағалаушы сипаттар, ұлтымызға тән ауа райы болжамдары, амалдар, халықтық қара есеп, қазақ ұлы ғұламаларының шығармаларынан үзінділер жасырылды.


Білім алушылар алғырлықтарымен көзге түсіп, дәстүрлі өнер иелері екенін де көрсетті. Жүйріктер арасынан «Хан-Тәңірі» командасы алтын медальға ие болды. 2-ші орынды «Шоқан» командасы 3-ші орынды география-тарих тобынан құралған «Тұран» командасы иеленді. Тәрбиелік жылы сөздерімен білім алушыларды марапаттаған институттың тәрбие және әлеуметтік ісі жөніндегі жетекшісі Нұрлан Манапов шараға атсалысқандарға алғысын білдіре отырып, жеңімпаздарды құттықтады. Әділ-қазыларды ұйытып, ерекше көңіл-күй орнатқан университеттің доценті Салтанат Әбілмажінова құнды ақпараттарымен бөлісті. Іс-шараның қорытындысы ретінде кеш қонақтары доцент Қайрат Омаров, аға оқытушылар Қарлығаш Мұздыбаева, Райхан Искакова жылы лебіздерін білдірді.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу