қазақша · русский · english
 
 
 
25.10.2021

2021/2022 оқу жылына магистратура және PhD докторантураға

қабылдау туралы кәсіби бағыт-бағдар беру іс-шарасы

 

2021 жылдың 21 қазанында Жаратылыстану және география институтының «Маркетинг» бөлімінің ұйымдастыруымен республикалық мектептердің педагог-мұғалімдерін, жас мамандарын магистратура және докторантураға шақыру мақсатында «Магистратура және PhD докторантураға қабылдау ережелері» туралы іс-шара өтті.

 

Ұйымдастырушылар - «Маркетинг» бөлімінің жауапты тұлғалары: Ерлан Бірталаев, Жанар Жақсибаева.

 

Қатысушылар - Алматы қаласының №157, №143, №92 орта мектептері, Қызылорда қаласының №264 мектеп-лицейі және Әли Муслимов атындағы №101 мектеп, Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының №80, №99 орта мектептерінің оқу ісі жөніндегі директордың орынбасарлары мен мұғалімдері.

 

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов хабарлағандай, жазғы қабылдау науқаны мен өткізілген емтихандардың қорытындысы бойынша магистратура мен докторантураға арналған білім беру гранттарының артық қалуына байланысты енді магистратура және PhD докторантураға қабылдау жылына екі рет: дәстүрлі түрде тамыз және қосымша желтоқсан айында жүргізіледі, үміткер азаматтар осы жылдың желтоқсан айында мемлекеттік гранттарды иелене алады.

 

Осы ақпаратқа байланысты мектеп мұғалімдері мен жас мамандарға магистратура және PhD докторантураға қосымша бөлінген грант туралы, конкурстың тапсыру ережелері мен талаптары, қажетті құжаттар туралы кәсіби бағыт-бағдар берілді. Іс-шараның соңы сұрақ-жауап, ұсыныстармен қорытындыланды.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу