қазақша · русский · english
 
 
 
30.09.2021

«Innovative teaching methods» семинар-тренингі


2021 жылдың 29 қыркүйегінде Жаратылыстану және география институтының «Биология» білім бағдарламалары бөлімі оқытушылары Гүлжанат Камиева, Сауле Джамилова Нидерландының Вагенинген зерттеу университетінің магистрі Jacobus Nel қатысуымен «Innovative teaching methods» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырды. Семинар-тренингке институттың профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар, магистранттар, студенттер және Алматы қаласының базалық мектептерінің «Биология» пәні мұғалімдері қатысты.

 

Jacobus Nel Нидерланды елінің білім жүйесінде қолданылатын заманауи оқыту әдістерімен, тиімді интерактивті стратегияларымен бөлісті. 2 курс докторанттары Бақытжан Темірхан мен Нұрбану Сапанова еліміздегі және Нидерланды еліндегі заманауи оқыту әдістерінің ұқсастықтары мен ерекшеліктеріне тоқталды.

 

Семинар-тренинг соңында қатысушылар спикерлерден оқыту үдерісінде инновациялық әдістерді тиімді қолдану туралы өз сұрақтарына жауап алды және өз ойларымен бөлісті.

 

   

 

   




Кері оралу