қазақша · русский · english
 
 
 
07.11.2016

1-4 қараша  2016 жылы  Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті, Жаратылыстану және география институтында «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығымен бірлескен «БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖАҒДАЙЫНДА ЖАРАТЫЛЫСТАНУ- ҒЫЛЫМИ БІЛІМ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ БЕРУ» атты «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы және жалпы білім беретін мектептің биология, география, химия пәндерінің мұғалімдеріне арналған республикалық оқу семинары болып өтті. Семинардың мақсаты мектепте жаратылыстану пәндерінің білім беру мазмұны мәселелеріне талдау жасау. Осыған орай география пәні бойынша «Құзыреттілікке-бағдарланған географиялық білім берудің теориясы мен әдістемесі», «Географиядан құзыреттілікке-бағдарланған тапсырмалар» (п.ғ.к., доцент Карбаева Ш.Ш.);  «Жердің қалыптасуы мен дамуы туралы қазіргі көзқарастар» (г.ғ.к. Боранқұлова Д.М.); «Қазақстан климатының себеп-салдары және оны оқыту қағидалары» (аға оқытушы Абулгазиев А.У.);  «Туристік өлкетану жұмыстарын ұйымдастыру» (п.ғ.к. Омаров К.М.) тақырыптарында теориялық дәріс және практикалық тренингтер өткізілді.

Республикалық оқу семинарында ғалым-әдіскерлер мен мектептің практик мұғалімдерінің арасында жаратылыстану пәндерінің білім беру мазмұнын жаңғырту мәселелері жайлы пайдалы пікір алмасу болды.  




Кері оралу