қазақша · русский · english
 
 
 
17.05.2021

ТМД-ның үздік жас ғалымы-2021

 

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің «Үздік жас ғалымдар-2021» III Халықаралық кітап басылымы («ТМД ғалымдары») ТМД жас ғалымдарының ғылымы мен жеке жетістіктерін танымал етуге бағытталған бірегей жоба болып табылады. Оны Халықаралық жас ғалымдар қауымдастығы (Қазақстан, Нұр-сұлтан қ., 2021) «Бөбек» қоғамдық қозғалысы қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің қолдауымен ұйымдастырды.

 

Бұл жобаға халықаралық ынтымақтастық және ғылымды одан әрі интеграциялау аясында Беларусь Республикасынан, Ресей Федерациясынан, Қазақстан Республикасынан, Өзбекстан Республикасынан, Тәжікстан Республикасынан, Қырғызстан Республикасынан әр түрлі саладағы проблемалар бойынша ғылыми әзірлемелерге әуес жас және талантты жастар қатысты.

 

Ұсынылған жобаға біздің университеттен ғылыми зерттеуді Жаратылыстану және география институтының билогиялық білім беру бөлімінің «6В05101-Биология» мамандығының 2 курс студенті Мадина Ахилбекова ұсынды. Студент Ахилбекова Мадина I дәрежелі дипломмен және «Үздік жас ғалым - 2021» наградалық төсбелгісімен марапатталды. Ғылыми жетекшісі: биология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Құлжанова Дина Қуанышқызы.

 

       

 

   




Кері оралу