қазақша · русский · english
 
 
 
14.04.2021

Ғылым айы аясындағы ЖОО аралық викторина

 

2021 жылы 12 сәуірде Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Жаратылыстану және география институтында Ғылым айы аясында қашықтан ZOOM платформасында студенттер үшін Қазақстанның 30 жылдық егемендігі мен академик Г.Бияшевтің 115 жылдығына арналған генетика және молекулалық биология пәндері бойынша университет аралық викторина өткізілді.

 

Аталған іс-шараны Абай атындағы ҚазҰПУ «Биология» білім бағдарламасы бөлімі және Қазақстан-Ресей медуниверситетінің «Молекулалық биология» кафедрасы ұйымдастырды.

 

Викторинаға Абай атындағы ҚазҰПУ, Қазақстан-Ресей медуниверситеті және С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ студенттері қатысты. Қатысқан студенттер саны 120.

 

Мақсаты - студенттерді пәндерді терең меңгеруге, болашақта білімді де білікті маман болуға ынталандыру. Қазіргі уақытта генетика мен молекулалық биологияның биология мен медицина саласындағы орны өте маңызды. Өйткені, генетика заңдары әмбебап, олар өсімдіктер мен жануарлар және адамдар үшін де бірдей қолданылады және болашақ үшін үлкен маңызға ие.

 

Викторинада тапсырмалардың 3 түрі берілді: 1 тапсырма - тапсырмаларды шешу (40 балл), 2 - схема нұсқаларын анықтау (30 балл), 3 - сұрақтарға жауаптар (30 балл).

 

Студенттер берілген тапсырмалар бойынша жоғары білім деңгейін көрсетті. Жалпы көрсеткіштердің орташа балының анықтамасы бойынша Қазақстан-Ресей медициналық университеті бірінші орынды; Абай атындағы ҚазҰПУ - екінші; С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ - үшінші орынды иеленді. Жүлделі орын алған студенттер бағалы сыйлықтармен марапатталды.


Студенттерімізді жүлделі жетістіктерімен құттықтаймыз және сәттілік пен жаңа табыстар тілейміз!

 

  

 

  




Кері оралу