«ТІЛ - ҰЛТ ҚҰНДЫЛЫҒЫ» апталығы аясында «Қазақ тілін ғылым тіліне айналдырудың мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Жаратылыстану және география институтында «Анатомия, физиология, зоология және тіршілік қауіпсіздігі» кафедрасының профессор-оқытушылары Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Тілдер күніне орай «Тіл - ұлт құндылығы» апталығын өткізуге белсенді түрде қатысты.
2016 жылы 21 қыркүйегінде кафедра ұжымы ұйымдастырған дөңгелек үстелде университет ардагері, алғаш рет ғылыми қазақ тілінде адам мен жануарлар физиологиясынан дәрістер курсын оқыған, оқулықтар жазған профессор И. М. Төленбектің «Қазақ тілін ғылым тіліне айналдырудың мәселелері» тақырыбында жасаған баяндамасы қызу пікір алмасуға жалғасты.
Сұхбаттасу - кездесу институт ұжымы мен білім алушылардың қатысуымен және директорат пен университет тәрбие басқармасының мүшелерінің белсенді шақырылуымен жоғары деңгейде өтті.
Исатай Мырзахметұлы өзінің баяндамасында өмір тарихының осы университетпен ғана ғылыми-педагогикалық творчествалық байланыста болып келгенін мақтанышпен, әрі үлкен қуанышпен жеткізіп айтып шықты. Білім алушылар мен шақырылған қатысушылар арасынан сөз алған студенттер мен институт ПОҚ профессор ағамызға берген ақпараттары мен қазақ тілі жайында жасаған және оның ғылым тіліне айналу үрдісіне қосқан үлестері туралы айтқандарына дән ризашылықтарын білдірді.
Анатомия, физиология, зоология және тіршілік қауіпсіздігі кафедрасының меңгерушісі, профессор Ш.А.Балғынбеков қазіргі биологиялық, физиологиялық терминдердің қазақ тіліне аудармалардың жетіле түсуіне бағытталған ұсыныстары туралы баяндап берді. Дөңгелек үстелді өткізуге кафедра профессорлары А.С.Кунакбаев, А.М.Бабашев, доцент Г.Ш.Татаринова, аға оқытушылар Г.К.Ташенова, Ш.С.Шыныбекова, Нүркенов Т.Т., Отарова Н.И. қатысты.
Институт әкімшілігінің атынан сөз алған директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Т.Манапов көпшіліктің атынан алғыс айтып, анатомия, физиология, зоология және тіршілік қауіпсіздігі кафедрасының ұжымына, профессор И.М.Төленбекке ризашылығын білдірді.
Анатомия, физиология, зоология және тіршілік қауіпсіздігі кафедрасы