қазақша · русский · english
 
 
 
28.09.2016

 

27 қыркүйек күні Абай атындағы ҚазҰПУ жаратылыстану және география институтында туризм күніне арналған «Туризм - бұл бейбітшілік, өркениет жолы » атты мерекелік шара өтті.
Еліміздің экономикасына туристік бағыттың тигізетін пайдасы

 жайлы өздерінің құттықтау сөздерінде академик А.С. Бейсенова, жаратылыстану және география институты директоры, профессор К.Д. Каймулдинова және елтану және туризм кафедрасының меңгерушісі Б.Ш. Абдіманапов атап өтті. 1992 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ қабырғасындатұңғыш рет туризм мамандығы ашылған болатын. Сол уақыттан бері университет қабырғасынан түлеп ұшқан жүздеген мамандар Қазақстан мен шет елдерде жұмыстарын жалғастыруда. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Т Манапов пен А.Алдашеваның жетекшілігімен студенттер мәдени бағдарлама ұсынып, еліміздегі туристік бағыт туралы баяндама оқыды.

 

  

  




Кері оралу