қазақша · русский · english
 
 
 
03.03.2021

Жыл сайынғы «Жыл құсы» республикалық жобасы жүзеге асырылуда


Жыл сайын елімізде Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы республика құстарын қорғау одағымен бірлесе отырып «Жыл құсына» таңдау жасайды. Таңдалған түр табиғат қорғау жұмысының символына айналады және осы құс түріне арналған арнайы зерттеулер жүргізіледі, ақпараттық парақшалар мен плакаттар таратылады, балалардың сурет конкурстары және басқа да іс-шаралар өткізіледі. Осыған орай, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Жаратылыстану және география институты жане Алматы хайуанаттар бағымен бірлесіп өткізілетін республикалық «Жыл құсы» жобасын жүзеге асыруда. Жобаның аясында «Құстар туралы» сурет конкурсы мен «Ұядағы құс» көрмесі бастама алды.

 

Бұл жобаға 1-11 сынып оқушылары және педагогикалық жоғары оқу орындары 1-2 курс студенттері қатысуда.

 

2021 жылдың 1- 10 наурыз аралығында «Құстар туралы» және «Ұядағы құс» суреттер көрмесіне 43 мектептен 307 оқушының суреттері ұсынылды. Университеттік кәсіби суретшілері суреттерді бағалап, шешім шығарды. Бүгін, 2021 жылғы 2 наурызда экологиялық мақсаттарға ғана емес, мектептер мен педагогикалық жоғары оқу орындары арасындағы байланыстарды нығайтуға бағытталған көрменің ашылуы өтті.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу