қазақша · русский · english
 
 
 
22.01.2021

«Қашықтан оқытудағы педагогикалық практика» вебинары

 

2020 жылдың 21 қаңтарында Жаратылыстану және география институтында «5В011200-Химия» мамандығының студенттеріне арналған «Қашықтан оқытудағы педагогикалық практика» вебинары өтті.

 

Ұйымдастырушылар - топ эдвайзерлері Меруерт Оразбаева, Гүлнұр Дюсембаева, Жанар Жақсибаева. Қатысушылар - профессор-оқытушылар құрамы және 3-4 курс студенттері.

 

Студенттер алған теориялық білімін педагогикалық практикада қолданып, тәжірибе жинақтап, таңдаған мамандығы бойынша білікті маман болып қалыптасады. Қазіргі орын алған пандемияға байланысты жоғары оқу орнының студенттері дәстүрлі практиканың орнына онлайн форматтағы практикалық тәжірибеден өтуде.

 

Вебинарда Меруерт Оразбаева қашықтан оқыту аясында педагогикалық практиканың жүргізілуі жайында сөз қозғады.

 

3 және 4 курс студенттері педагогикалық практика барысында жаңа инновациялық интербелсенді әдістерді қолданып, өткізген іс-тәжірибелерімен бөлісті. Жаңа форматтың қиындығы мен қолайсыздығына қарамастан студенттер кәсіптік ортаға тез бейімделіп, өздерінің теориялық білімдерін практикамен ұштастырып, қабілеттерін көрсете білді.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу