қазақша · русский · english
 
 
 
02.12.2020

Тұңғыш Президент - тұлға, тарих, тағылым

 

2020 жылы 30 қарашада Жаратылыстану және география институтында 1 курс «Биология» мамандығының эдвайзерлері, студенттік өзін-өзі басқару кеңес мүшелері және белсенді студенттердің ұйымдастыруымен «Тұңғыш Президент - тұлға, тарих, тағылым» тақырыбында Тұңғыш Президент күніне арналған іс-шара өтті.

 

Іс - шараның мақсаты - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы толық мәлімет беру, жастарға өз Отанын, туған жерін сүюге, қорғауға, құрметтеуге тәрбиелеу болып табылады.

 

Тұңғыш Президент күніне арналған «Тұңғыш Президент - тұлға, тарих, тағылым» салтанатты шара институт директоры Күләш Каймулдинованың кіріспе құттықтау сөзімен ашылды.

1 курс студенттері Елбасының қарапайым отбасында туып - өсіп, балалық шағы ауыртпалығы мол соғыс және соғыстан кейінгі жылдармен тұспа-тұс келгенін, жас Нұрсұлтан соның бәрін басынан өткеріп жеңе білгенін, өте жақсы білім алып, «от - жалынды» мамандықты игеріп, басшылық қызметтерге сатылап көтеріліп, Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті болғанын тебірене айтып өтті.

 

Сонымен қатар, «Өнерден күмбез жасайық» - демекші 1 курс «Биология» мамандығының студенттері Гулина Берік «Ерке сылқым» күйін, Жадыра Әбузар «Туған жер» әнін, ал, Ұлболсын Шығыланова өз қаламынан шыққан «Елім сүйген, елі сүйген Елбасы» атты өлең жолындарын тарту етті. Сол сияқты, Лаззат Ағабек тебірене Мұхтар Шахановтың «Тәуелсіздік», Айгерім Мұратбек Қалқаман Саринның «Тәуелсіздікке арнау», Маржан Бекберген Елбасына арнауын тебірене оқыды.

 

Жаратылыстану және география институтының тәрбие және әлеуметтік ісі жөніндегі жетекшісі Нұрлан Манапов бүгінгі іс-шараны ұйымдастырушыларға және студенттер қауымына рахмет айта отырып, ризашылығын білдірді.

 

Салтанатты іс-шара Гүлназ Нартбаеваның орындауында Бек Байтастың «Елбасына арнау» өлең жолдарымен аяқталды

 

   

 

   

 

   




Кері оралу