қазақша · русский · english
 
 
 
20.04.2016

15.04.2016 жылы студенттік көктем апталығы қарсаңында жаратылыстану және география институтында «Мисс ЖГИ-2016» атты қыз сыны өтті. Аталған іс-шараға магистранттар, студенттер және профессор-оқытушылар мен арнайы шақырылған қонақтар қатысты. Бұл шараныұйымдастырушылар студенттік директорат мүшелері Абдуалиева Ж.А., Ораз А.Ә., Аязбек А.С., Жаңбыр М.Ә. және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Манапов Н.Т.. Сайысқа биология, химия және география мамандықтарының 1 курс арулары қатысты. Қатысушылардың өнерлеріне студенттер кәсіподағының төрайымы Ынтыбаева Г.Б., аға оқытушы Құлжанова Д.Қ., профессор, педагогика ғылымдарының докторы Джанабаева Р.А., аға оқытушыЖақсыбаева Ж.М., Абай газетінің бас редакторы Шарахымбай Б.Ж. әділ төрелік етті. Тәрбие жетекшілер Өнербаева З.О., Қаражанова Д.Ә., Саимова Р.У., Джунусова Р.Ж.,Абулгазиев А.У. тобындағы студент қыздардың қыз сынына қатысуларына өз тобын ұйымдастыра атсалысты. Арулар сайысқа бар өнерлерін салды және сайыс барысында қонақтарға концерттік бағдарлама ұсынылды. Сайыс қорытындысы бойынша бас жүлдені химия мамандығының студенті Галымова Нұржанар, I орынды биология мамандығынан Мәтен Айгерім, II орынды ғылыми биология мамандығынан Мұхат Алия, III орынды биология мамандығынан Нүсіпқұл Дина, «Көрермен көзайымы» наминациясын география мамандығынан Жолдасбекова Динара аруларымыз иеленді. Бұл шара өз деңгейінде өтіп, көпшілікке есте қаларлық кеш сыйлады.




Кері оралу