қазақша · русский · english
 
 
 
11.05.2020

«Талапкер - 2020» Ашық есік күні

 

2020 жылы 6 мамырда Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география институтының маркетинг бөлімінің ұйымдастыруымен мектеп бітіруші түлектерге кәсіби бағыт-бағдар беру жұмыстарын іске асыру мақсатында онлайн режимде «Талапкер - 2020» Ашық есік күні өтті. Ұйымдастырушылар - көлденең циклді басқару құрылымының маркетинг бөлімінің мүшелері Ерлан Бірталаев, Жанар Жақсибаева, Нұрсұлтан Бақанов, Маржан Башенова. Қатысушылар - Абай университетінің кафедра меңгерушілері, профессор-оқытушылар құрамы, облыстық, аудандық және қалалық Білім департаментінің басшылары мен өкілдері, мектеп директорлары, мұғалімдер мен бітіруші түлектер (Алматы облысының Жаркент, Еңбекшіқазақ, Қарасай, Ұйғыр аудандары, Қызылорда облысының Қазалы, Шиелі, Жаңақорған, Сырдария аудандары). Вебинар модераторы - Жаратылыстану және география институтының маркетинг бөлімінің жауапты тұлғасы Ерлан Бірталаев.

 

«Талапкер - 2020» Ашық есік күні Абай университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры Асан Сатмырзаевтың құттықтау сөзімен ашылды.

 

Онлайн режимінде жасалған баяндамалар тізімі:

«Жаратылыстану және география институтының қазіргі дамуы». Спикер - Жаратылыстану және география институтының директоры Күләш Каймулдинова;
«Жаратылыстану және география институтындағы оқу процесі және білім алушыларға берілетін жеңілдіктер». Спикер - Жаратылыстану және география институты директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Лязат Демеуова;
«Жоғарғы оқу орнындағы тәрбие жұмыстарының бағыттары мен ерекшеліктері». Спикер - Жаратылыстану және география институты директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрлан Манапов;
«Талапкер-2020» қажетті құжаттар тізімі. Талапкерлерге берілетін жеңілдіктер». Спикер - х.ғ.к. Жанар Жақсибаева.


Спикерлер іргелі оқу орнының білім мен ғылым саласында жеткен жетістіктеріне тоқталып, сұранысқа ие мамандықтар жайлы толыққанды мағлұмат берді. Вебинар соңында облыстық, аудандық және қалалық Білім департаментінің басшылары мен өкілдері, мектеп директорлары, мұғалімдер мен бітіруші түлектер арасында сұрақ-жауап, пікір алмасу болды. Кездесу аясында мектеп бітіруші түлектер болашақ мамандық таңдауда ақыл-кеңестер алып, студенттік өмірмен танысып, көкейлерінде жүрген көп сауалдарға жауап алды.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

 




Кері оралу