қазақша · русский · english
 
 
 
05.05.2020

«Қазіргі вирусология: проблемалары мен мүмкіндіктері» ғылыми вебинары

 

2020 жылдың 4 мамырында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Жаратылыстану және география институты биология кафедрасының және Микробиология және вирусология ғылыми өндірістік орталығының ұйымдастыруымен «Қазіргі вирусология: проблемалары мен мүмкіндіктері» тақырыбында ғылыми вебинар өтті.

 

Вебинарға университеттің Ғылым департаментінің директоры С.Қ.Сахиев, ЖШС «Микробиология және вирусология ғылыми өндірістік орталығы» бас директорының ғылыми істері жөніндегі орынбасары Б.Б. Баймаханова, Жаратылыстану және география институтының директоры К.Д.Каймулдинова, профессор-оқытушылар құрамы, докторанттары, магистранттары, микробиология және вирусология ғылыми өндірістік орталығының ғылыми қызметкерлері қатысты.

 

Вебинар барысында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде зерттеу университеті жолында жүргізіліп жатақан зерттеулер, соның ішінде, ғылыми зерттеу орталықтары мен университет профессор-оқытушылары, докторанттар, магистранттар және студенттердің бірлесіп орындаған зерттеу жұмыстарының нәтижелері мен жетістіктері, қазіргі вирусологияның проблемалары мен мүмкіндіктерін бағалаудың өзекті мәселелері бойынша тәжірибе алмасты.

 

Вебинарда Микробиология және вирусология ғылыми өндірістік орталығының профессоры, А.П. Богоявленский; Жаратылыстану және география институтының биология кафедрасының аға оқытушысы М.Б. Аманбаева; биология кафедрасының докторанты Э.І. Анаркулова баяндама жасады.

 

   

 

   

 

   

 

 




Кері оралу