қазақша · русский · english
 
 
 
03.03.2016

2016 жылдың 25 ақпанында «Жас ерекшеліктер физиологиясы және мектеп гигиенасы» шеңберінде «Мектеп оқушыларының көру және есту қабілеттерінің бұзылуы» тақырыбында ашық семинар өтті.Семинар «ҚР педагог қызметкерлерінің деңгейлік біліктіліктілігін арттыру бағдарламасына негізделіп құрылған педагог кадрлардың дайындығын жүзеге асыратын студенттер мен жоо түлектеріне қосымша кәсіби білім беру бағдарламасын» зерттеу кезінде меңгергенілген технологиялармен өткізілді.

Кіші топтармен жұмыс сабақ өткізу түрінің бірі болып табылады.
Студенттер диалог түрінде оқыту (зерттеу диалогы) арқылы сыни тұрғысынан ойлау әдісімен көру және есту сенсорлық жүйесіндегі ақауларды анықтап, толық сипаттамасын берді. Топтарда жұмыс жасау тақырыпқа байланысты білімін толықтырып, өз бетінше ақпаратты салыстыруға, танымдық әрекет барысында қарым-қатынас ептілігін жүзеге асыруға септігін тигізеді.

Семинарды диалог түрінде, қарым-қатынастық бағытта өткізу тұлғаның эмоцианалды, интеллектуалды қасиетін дамытуға көмектеседі.
Осындай тәсілдің нәтижесінде студенттердің ақпаратты қабылдауы және түсінуі оқытушының монологы мен ақпаратты тек дайын мәтін түрінде бергенге қарағанда тиімдірек. Аталған сипаттағы зерттеу диалогы оқушыларға бар білімін пайланауға, пікір алмасуға, алған мәліметті саралауға және қолдануға мүмкіндік береді.
Сабақтың тақырыбын кеңірек ашу «Фишбоун» стратегиясын қолданатын диалог арқылы жүзеге асты. Объектің анализі мен оған әсер етуші факторлардың байланысының себеп-салдарын анықтау - аталған әдістемелік тәсілдің түп мақсаты. Әдіс ақпаратпен жұмыс істеу дағдысы мен мәселені шешу қабілетін дамытады. «Көру жүйесіндегі ақау» мен «Есту мүшесіндегі ақау» сұрақтарын талқылау барысында студенттер бұл мәселелерді жоюға, алдын алуға қызықты, тың ойлар айтты. Сенсор жүйелерінің бұзылуын алдын алу шараларының ойластырылуы студенттердің ақпарат, ой, сұрақ алмасуының нәтижесі болды.
Баға беру жүйесін оқушылардың тек жетістігін өлшейтін құрал ретінде ғана емес, сонымен қатар білім берудің сапасын арттыратын құрал деп қарастыру керек. Жеке тұлғаның қабілетін, жас ерекшелігін ескере отыра бағалау - жаңа заман талабы.

Сыни тұрғысынан ойлау технологиясының басты кілті педагогикалық рефлексия ұғымы.Оқушылардың рефлексиясын саралаудың нәтижесінде (feedback), аталған сипатта өткізілген семинарлар студенттерде жағымды эмоциялар тудырып, талқылнып отырған мәселенің теория және қолданбалылық тұрғысынан түсінуге мүмкіндік берді.




Кері оралу