қазақша · русский · english
 
 
 
27.04.2020

Қашықтан оқыту форматында жаратылыстану пәндері бойынша зертханалық жұмыстар

 

2020 жылдың 23 сәуірінде Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде​ РОӘК ОӘБ тәжірибе алмасу мақсатында «Қашықтан оқыту форматында жаратылыстану пәндері бойынша зертханалық жұмыстарды өткізу» тақырыбында​  ғылыми-әдістемелік вебинар өткізді.

 

Ұйымдастырушы - Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география институтының жаратылыстану-ғылыми пәндері бойынша мұғалімдерді даярлау бағыты бойынша жоба командасы (жоба жетекшісі, доцент Ш.Ш. Карбаева).

 

Вебинар жұмысына Абай атындағы ҚазҰПУ оқу-ісі жөніндегі проректоры​ А.А.Сәтмырзаев; ​ А.И.Герцен атындағы РМПУ химия және экологиялық білім беру кафедрасының меңгерушісі​ О.Г.Роговая; ​ Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің директоры​ Х.Н.Жанбеков; ​ Білім беру бағдарламаларын жобалау департаментінің директоры​ А.М.Байдильдина; ​ Жаратылыстану және география институтының директоры​ К.Д.Каймулдинова;​ кафедра меңгерушілері, сондай-ақ, Абай атындағы ҚазҰПУ профессор-оқытушылары мен Қазақстанның басқа да ЖОО өкілдері қатысты.

 

Вебинар барысында профессор-оқытушылар құрамы жаратылыстану-ғылыми пәндер бойынша зертханалық жұмыстарды қашықтан оқыту мәселелері туралы тәжірибе алмасты.

 

Вебинарда Абай атындағы ҚазҰПУ-дың химия кафедрасының доценті​ А.Р.Нұрахметова мен​ аға оқытушысы​ Ж.М.Жақсыбаева,​ оқытушысы​ М.А.Башенова; биология кафедрасының доценті​ И.П.Загриценко;​ ҚазҰАУ-дың​ қауымдастырылған профессоры Ж.Б.Бакенова мен​ ассистенті​ Л.К.Ыскак; ​ «Астана» халықаралық университеті (AIU) Жаратылыстану Ғылымдары Жоғары мектебінің доценті Н.Ш.Карипбаева;​ ТМПУ-дың қауымдастырылған профессоры​ Г.З.Шаймерденова​ баяндама жасап, тәжірибелерімен алмасты.

 

   

 

   

 

 




Кері оралу