қазақша · русский · english
 
 
 
24.02.2016

19.02.2016ж. Жаратылыстану және география институтында анатомия, физиология, зоология және тіршілік қауіпсіздігі кафедрасының меңгерушісі, профессор Ш.А. Балғынбековтың жетекшілігімен «Сенсорлық жүйенің жас ерекшіліктері мен гигиенасы» тақырыбында кафедраның аға оқытушысы, б.ғ.к. Д.Қ.Құлжанова профессор-оқытушылар құрамына арналған оқу-әдістемелік семинар-тренинг өткізді. Аға оқытушы Д.Қ.Құлжанова аталған семинар-тренингті «Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасы» бойынша Астана қаласында Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткен курстың тыңдаушысы ретінде тәжірибе бөлісу мақсатында ашық сабақ түрінде өткізді.

Семинар-тренинг барысында білім берудің диалогтық оқыту әдісі қолданылып сабақ өткізілді.

Студенттер төрт топқа бөлініп, оқытушы берген тапсырмаларды бір-бірімен пікір алмаса отырып орындады. Әртүрлі ақпараттық-коммуникациялық құралдарды пайдаланып, студенттер балалардың сенсорлық жүйесінің физиологиясы мен гигиенасы мәселелерінен қысқа баяндамалар жасады, берілген тапсырмаларға дайындаған постерлерін қорғады, бір біріне тақырып бойынша сұрақтар қойып, жауаптар берді. Сабақ ортасында студенттер қысқа мерзімді (2-3 мин.) сергіту сәтін өткізіп, сабақтың екінші жартысындағы берілген тапсырмаларды зор ынтамен, жоғары белсенділікпен орындады.
Семинар-тренинг соңында қатысушы профессор-оқытушылар өз пікірлерін ортаға салып, ұсыныстар айтты. Осымен қатар, болашақ мұғалімдерге Назарбаев Зияткерлік мектебінің білім беру саласындағы жетістіктерімен тереңірек танысып, инновациялық технологияларды игерудің маңыздылығын атап өтті. Сабақта өз білімдерімен белсенділік көрсеткен студенттер мен семинар-тренингті дайындап өткізген аға оқытушы Д.Қ.Құлжановаға ізгі тілектерін білдірді.




Кері оралу