қазақша · русский · english
 
 
 
13.12.2019

Докторанттар семинарындағы ғылыми зерттеулер презентациясы

 

2019 жылдың 13 желтоқсанында Филология және көптілді білім беру институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында 2 курс докторанты Елена Шмакова («Автор и герой в современной русскоязычной прозе Казахстана») және 2 курс докторанты Ботагоз Байжігіт («Функции абсурда в речевой сфере персонажа (Л. Петрушевская «Пуськи бятые») баяндамаларын оқыды. Докторанттар көркем мәтіндерді талдау әдістемесі мен әдіснамасындағы инновацияларға баса назар аудара отырып, презентациялар түрінде өз зерттеулерінің нәтижелері туралы хабарлама жасады.

 

Мәжіліс жетекші әдебиеттанушылар - кафедра меңгерушісі, профессор Сәуле Әбішева, профессор Қарлығаш Бұзаубағарова, профессор Людмила Сафронованың (семинар жетекшісі) қатысуымен кеңейтілген түрде өтті. Сондай-ақ, докторанттардың баяндамаларын талқылау үшін университеттің ғылыми конференциясына қатысып, өз зерттеулерін жалғастыруға бағыт алған «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының бітіруші курс магистранттары шақырылды.

 

   




Кері оралу