қазақша · русский · english
 
 
 
17.11.2021

Жас ақындар конкурсы

 

2021 жылғы 16 қарашада Абай атындағы ҚазҰПУ-да Филология және көптілді білім беру институты директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ерлан Қасенов мен Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаментінің бірлесе ұйымдастыруымен «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін...» тақырыбында ақындар мүшәйрасы өткізілді.

 

Аталған жиынды университеттің Әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Шыңғыс Нұрланов ашты. Оқу орнының 40-қа жуық талантты жастарынан жиналған мүшәйраға бауырлас Түркия елінен келген профессорлар Хусейн Қаһарман Мутлы мен Незир Демир де қатысып, ризашылықтарын білдірді. Мүшәйраға белгілі ақын Болат Шарахымбай қазылық жасап, Бас жүлдеге «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 4 курс студенті Гүлжан Қиярыстанова ие болды.

 

   




Кері оралу