қазақша · русский · english
 
 
 
29.02.2016

2016 жылдың 25 ақпан күні Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Филология институты, Филологиялық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының ұйытқы болуымен Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде «Сатылай кешенді талдау технологиясының тиімділігі» атты семинар өткізді.
Семинар аясында кафедра профессоры, «Сатылай кешенді талдау» технологиясының авторы Н.А.Оразақынова аталған жобамен білім алушы Алматы облысы, Талғар ауданындағы №49 орта мектептің 7 сынып оқушыларымен «Сатылай кешенді талдау» технологиясы бойынша 5 пәннен сабақ үлгісін Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімдері мен оқушыларына көрсетті.
Семинар соңында Назарбаев зияткерлік мектебінің, Алматы облысы, Талғар ауданындағы №49 орта мектептің мұғалімдері және Филологиялық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының ұжымы оқытудың жаңа технологияларын тиімді пайдалану, сатылай кешенді талдау технологиясының тиімділігі туралы пікір алмасып, кері байланыс орнатып қайтты.

 

 

 

         




Кері оралу