қазақша · русский · english
 
 
 
12.12.2019

«Жыл оқытушысы - 2019»


2019 жылы 9 желтоқсанда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Жаратылыстану және география институтының ұйымдастыруымен «Химия», «Биология» және «География» мамандықтары бойынша алғаш рет «Жыл оқытушысы-2019» профессор-оқытушылар арасында конкурс өтті.

 

Конкурстің мақсаты - Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 2018-2025 жылдарға арналған Даму стратегиясының 1.6 тармағында көрсетілген XXI ғасыр мұғалімінің бейнесін қалыптастыру стратегиялық бағыттарын негізге ала отырып, жас оқытушылардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру, білім беру сапасын жақсарту, мамандығына деген қызығушылығын арттыру.

 

Конкурстың міндеттері: талантты, креативті оқытушыларды анықтау; педагог еңбегінің мәртебесін арттыру; оқытушылардың кәсіби құзіреттілігін арттыру; оқытушылардың жаңа инновациялық идеяларға және іс-әрекет түрлеріне қызығушылығын дамыту.

 

«Жыл оқытушысы - 2019» конкурсына «Химия» мамандығы бойынша х.ғ.к., доцент Аймангүл Мейрманова, п.ғ.к., доцент Зульфия Унербаева, х.ғ.к., аға оқытушы Динара Қасымбекова, «Биология» мамандығы бойынша б.ғ.к., аға оқытушы Дина Құлжанова, «География» мамандығы бойынша аға оқытушы Гүлім Жандосова, доктор PhD, аға оқытушы Думан Алиаскаров, география магистрі, аға оқытушы Айкүн Құспанова қатысты.

 

«Жыл оқытушысы - 2019» конкурсының әділқазылары мен комиссия мүшелері: төрайымы - Ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор А.Т.Құлсариева, мүшелері: Білім бағдарламаларын жобалау департаментінің директоры А.М.Байдилдина, Жаратылыстану және география институтының директоры К.Д.Каймулдинова, Оқу-әдістемелік бөлімінің бастығы Т.А.Умирбекова, Оқу үдерісін ұйымдастыру бөлімінің бастығы Г.Қ.Балахметова, академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының профессорлары Г.П.Шахарман, Р.Рахметова, Математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасының оқытушылары доцент Е.Тұяқов пен Б.Қосанов.

 

Конкурс екі кезең бойынша өтті.

I-ші кезеңде жүргізілген сайыстар:

1.1 Ашық сабақтар өткізу-Мастер-класс (видеосабақ).

1.2 Портфолио даярлау.

II-ші кезеңінде жүргізілген сайыстар:

2.1 Оқытушының мамандықты таңдауы және оқытушылық тәжірибесі жайлы қысқаша «Мамандығым-мақтанышым» тақырыбында видеопрезентация жасау.

2.2 Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай «Оқытушы-үлгі, өнеге!» тақырыбында оқытушының өнерін бағалауға арналды (Абайдың өлеңдерін оқу, әндерін шырқау, көрініс ұйымдастыру).

 

Сайыс қорытындысы бойынша 1-ші орынды Аймангүл Мейрманова, 2-ші орынды Динара Қасымбекова, 3-ші орынды Зульфия Унербаева иеленді.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

 




Кері оралу