қазақша · русский · english
 
 
 
25.11.2019

Студенттер мен магистранттардың 74-ші ғылыми конференциясы

 

2019 жылдың 22 қарашасында Жаратылыстану және география институтының химия кафедрасында студенттер мен магистранттардың 74-ші ғылыми конференциясы өтті.

Конференцияның мақсаты- жас зерттеушілердің шығармашылық белсенділігін дамыту, ғылыми зерттеулерге деген қызығушылығын арттыру, жастар арасындағы ғылыми байланысты нығайту.

 

Конференцияны кафедра меңгерушісі Жазира Мұқатаева құттықтау сөзімен ашып, білім алушыларға сәттіліктер тіледі.

 

Конференция барысында студенттердің өзекті тақырыптары талқыланды, бірқатар ұсыныстар жасалды.

 

Конференция қорытындысы бойынша үздік баяндама жасаған студенттер мына төмендегі орындарды иеленді:
1-орын

Сағынбаева Құрбанай, 4 курс студенті

2-орын Сүндетқалиева Халида, 4 курс студенті

Абдужапарова Аружан, 1 курс студенті

3-орын Қуанышбай Арайлым, 3 курс студенті

Цепке Всеволод, 1 курс студенті

Жасанбаева Ақнұр, 1 курс студенті

 

Конференция жеңімпаздарын Ғылым департаментінің мақтау қағазымен марапаттады. Өзекті және қызықты баяндамалар үшін конференция қатысушыларына бағалы сыйлықтар - университеттің логотипі бейнеленген қаламсап пен қойын дәптерлер берілді.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу