қазақша · русский · english
 
 
 
05.04.2019

Абай атындағы ҚазҰПУ-да «Ғылым онкүндігі -2019»


2019 жылдың 4 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Ғылымның онкүндігі - 2019» аясында «Химия» кафедрасының доценті, х.ғ.к. Айгүл Мейірманова «Химиялық тәжірибені математикалық жоспарлау» тақырыбы бойынша Жаратылыстану және география институтының профессор-оқытушылар құрамына, магистранттар мен PhD докторанттарға ғылыми семинар өткізді.


Химиялық үрдістерді модельдеу химия ғылымының заманауи, өзекті бағыттарының бірі болып табылады.


Баяндама тыңдаушылардың қызығушылығын тудырды, кафедраның профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар мен докторанттар белсенді талқылады:
1. т.ғ.д., профессор Раушан Тұрғымбаева: «Химиялық процестерді модельдеу мәселесі бүгінгі күні өзекті мәселенің бірі. Математикалық аппаратты пайдалану және зерттеу нәтижелерін регрессиялық талдау химиялық процесстердің дәлдік дәрежесі жоғары деңгейге жетуіне мүмкіндік береді»;
2. х.ғ.д., профессор Несіпхан Бектенов: «Мұндай ғылыми семинарларды өткізу магистранттар мен докторанттар үшін өте пайдалы - жас ғалымдар, өйткені заманауи компьютерлік технологияларды кеңінен қолдану қажеттігін, химия саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін болжау және өңдеуде бағдарламалық қамтамасыз етуді талап етеді»;
3. х.ғ.д., профессор Гүлжәмила Мейірова: «Көпфакторлы процестерді химиялық зерттеудегі жаңа технологиялық тәсілдердің болуы, эксперименталды деректерді өңдеудің заманауи математикалық әдістерімен үйлесімінде магистранттар мен докторанттарға ғылыми-зерттеу жұмыстарын төмен шығындар мен жоғары тиімділікпен жүзеге асыруға мүмкіндік береді»;
4. п.ғ.д., профессор Жеңіс Шоқыбаев: «Біздің университет кең профильді мамандар дайындайды - білім және ғылым. Семинардың тақырыбы барлық студенттер, магистранттар мен докторанттар үшін құнды, болашақ кәсіби қызметі үшін өте пайдалы. Айгүл Айтжанқызына қызықты, ақпараттандырылған баяндамасы үшін алғыс айтамыз және одан әрі ғылыми және шығармашылық жетістіктер тілейміз».

 

   

 

   

 

  




Кері оралу