қазақша · русский · english
 
 
 
14.11.2018

«Денсаулық күні» спартакиадасы

 

2018 жылдың 10 қарашасында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Денсаулық күніне» арналған профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер арасында спартакиада өтті.

 

Жарысты өткізудің негізгі мақсаты - салаутты өмір салтын насихаттау, оқытушылар мен студенттерді дене шынықтыру мен спортпен айналысуға тарту, сондай-ақ командалық рухты арттыру.

 

Спартакиада барысында мини футбол, волейбол, үстел тенисі, жеңіл атлетика, шахмат, тоғызқұмалақ, арқан тартыс жарыстары ұйымдастырылып, қатысушылар сайысқа түсті.

 

Осы шараға Жаратылыстану және география институтының химия кафедрасының профессор-оқытушылары да белсене атсалысты. Жүлдегерлер ректордың мақтау қағазымен марапатталды.

 

   

 

   

 

  




Кері оралу