«Химия» кафедрасы | Басты / Факультеттер / Жаратылыстану және география факультеті / Кафедралар / «Химия» кафедрасы / Жаңалықтар
27.04.2018
«Химия көктемі» студенттік фестивалі
2018 жылдың 26 сәуір күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 90 жылдығына орай, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Жаратылыстану және география институты, химия кафедрасының және 3 курс студенттеріне жетекшілік еткен, химия кафедрасының аға оқытушысы Жанар Жаксибаеваның ұйымдастыруымен «Химия көктемі» студенттік фестивалі өтті.
Фестиваль институт директоры Күләш Каймулдинованың құттықтау сөзімен басталды. Аталған іс-шараға институт директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрлан Манапов бастаған студенттік директорат ұйымының қосқан үлесі зор болды. Кеш қонақтарының ішінде Ғылым департаментінің директоры Саябек Сахиев, ҒЗЖ, СҒЗЖ мен инновациясы бөлімінің бастығы Гүлзада Баймбетова болды.
Кеш барысында білім, ғылым және махаббаттың ұштасқан бір керемет үйлесімділігі көрермендерді тәнті етті. Химия ғылымының таңғажайып құбылыстарын студенттер әртүрлі химиялық эксперименттер арқылы көрсетіп, паш етті.
Ал кеш соңындағы профессор-оқытушылардың жылы лебіздері мен оларға берілген сый-сыяпат, алғыс хаттар, кафедраның оқу үздіктері мен белсенді студенттеріне арналған қошемет пен марапаттау нұр үстіне нұр болды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|