қазақша · русский · english
 
 
 
08.11.2024

Абай университетінің докторанты «SSAP» ЖШС зауытында ғылыми тағылымдамадан өтті


2024 жылдың 18 қазаны мен 5 қарашасы аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география факультеті химия кафедрасының 2-курс докторанты Айгуль Баймагамбетова және жетекшісі, қауымдастырылған профессор Ербол Тілеуберді құрамында күкірті бар материалдарды, атап айтқанда күкіртті кектен тротуар плиталарын өндіру бойынша тәжірибелік қондырғыны іске асырды. Қондырғыны іске асыру «Самұрық-Қазына» АҚ «Күкірт қышқылы өндірісінің қалдықтарынан құрамында күкірті бар құрылыс материалын өндіру» ҒЗТКЖ жобасы бойынша жоспарланған. Орнатылған жабдық бетонның кез келген пішіні мен түрлерін шығара алады. Модификацияланған күкіртті кекты қолданып, кек бетонын өндіру технологиясы да әзірленді.

 

Жоба күкірт қышқылы өндірісінің қалдықтарын ("SSAP" ЖШС еншілес және тәуелді ұйымдары негізіндегі күкірт кекті) қайта өңдеуге және оның негізінде құрамында күкірті бар жол-құрылыс материалдарын өндіруге бағытталған.

 

Жоба айналмалы экономика қағидаттары бойынша жүзеге асырылуда. Бұл бастама тұрақты дамуды ғана емес, ресурстарды тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін экологиялық қауіпті қалдықтарды жоғары сапалы құрылыс материалдарына айналдыруға бағытталған.

 

Мұндай технологияны енгізу қоршаған ортаға кері әсерді барынша азайтып қана қоймайды, сонымен қатар заманауи және берік құрылыс шешімдерін жасау үшін жаңа көкжиектерді ашады.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу