«Химия» кафедрасы | Басты / Факультеттер / Жаратылыстану және география факультеті / Кафедралар / «Химия» кафедрасы / Жаңалықтар
31.10.2024
Окаяма университетінің (Жапония) профессоры Хироки Фуджимен ай сайынғы консультация 2024 жылдың 29 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ химия кафедрасында Окаяма университетінің профессоры (Жапония) Хироки Фуджи мен аға оқытушы Узакова Асем жетекшілік ететін докторанттар - Мұхамбетәлиева Зухра, Есімханова Құттықыздың қатысуымен кезекті онлайн-кездесу өтті.
Кездесу барысында профессор Фуджи мақалаларды құрылымдау, деректерді дұрыс ұсыну және тұжырымдарды нақты қалыптастыру бойынша өз тәжірибесімен бөлісті. Ол сонымен қатар диссертация жазу процесінде кездесетін негізгі қиындықтар туралы айтып, оларды тиімді шешудің жолдарын ұсынды. Бұл онлайн кездесулер ғылыми жұмысқа жаңа көзқарас енгізіп, зерттеу сапасын жақсартуға септігін тигізеді.
Бұл кездесу зерттеушілер мен ғылыми ізденіс жүргізушілер үшін өте маңызды. Онлайн кеңес алу кезінде докторанттар ғылыми мақалалар жазу барысындағы маңызды аспектілерді талқылап, диссертациялық жұмыстың нәтижелерін бағалау және талдау бойынша кеңестер алды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|