«Химия» кафедрасы | Басты / Факультеттер / Жаратылыстану және география факультеті / Кафедралар / «Химия» кафедрасы / Жаңалықтар
16.10.2024
Scopus базасына тіркелген журналдарға мақала жариялау қадамдары 2024 жылдың 15 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география факультетінің химия кафедрасында Назарбаев университетінің аға оқытушысы, халқаралық Scopus базасындағы бірнеше журналдың редакторы Жексенбек Тоқтарбай «Scopus базасына тіркелген журналдарға мақала шығару қадамдары» тақырыбында практикалық семинар өткізді.
Семинарда жас ғалымдар мен зерттеушілерге мақалаларды халықаралық деңгейде жариялау жолдары үйретілді. Сонымен қатар Scopus секілді беделді ғылыми базаларға мақалалар жариялау үшін қандай талаптар қойылатынын, ғылыми мақалаларды жазу, редакциялау және жариялау процесіндегі негізгі қадамдарды түсіндірді. Семинар жас ғалымдардың ғылыми зерттеу нәтижелерін халықаралық деңгейде танытып, академиялық жетістіктерін арттыруға үлкен мүмкіндіктер берді.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|