«Химия» кафедрасы | Басты / Факультеттер / Жаратылыстану және география факультеті / Кафедралар / «Химия» кафедрасы / Жаңалықтар
08.10.2024
Ғылыми білім берудегі АКТ – жарқын болашақтың кілті 2024 жылдың 4 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ химия кафедрасының жоғары курс студенттеріне Трабзон университетінің профессоры (Түркия) Муаммер Чалих «Ғылыми білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың (АКТ) рөлі» тақырыбында дәріс оқыды.
Дәріс барысында профессор Чалих әртүрлі технологияларды зерттеу және олардың оқу процесінде қолданылуы білім алушылардың қызығушылығын арттырып, ресурстарға қолжетімділікті жақсартатынын, оқуды жеке дараландыруға және негізгі дағдыларды дамытуға қалай ықпал ететінін талқылады. Ол интерактивті және мультимедиялық технологияларды қолдану - оқу барысын қызықты ететінін, студенттерге материалды жақсы меңгеруге көмектесетінін айтты.
Дәрісте профессор ИКТ-ның рөлі, интерактивті әдістердің тиімділігі, мазмұнды визуализацияның білім алушылардың түсінігін арттырудағы маңызы, оқытуды жеке дараландыру, сын тұрғысынан ойлауды дамыту, ИКТ-ны практикалық тапсырмаларда қолдану, білім алушылардың пәнге қызығушылығын арттыру жолдары, техникалық қиындықтар мен оларды шешу, сондай-ақ білім алушыларды болашақ кәсіби өміріне дайындау мәселелерін қарастырды.
Дәріс барысында білім алушылар өз пікірлерін білдіріп, сұрақтар қойып, практикалық мысалдармен бөлісу мүмкіндігін алды. Профессор Муаммер Чалихтың дәрісі білім алушыларға ИКТ-ның білім беру саласындағы маңыздылығын түсінуге, сонымен қатар технологияларды тиімді пайдалану дағдыларын дамытуға ықпал етті.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|