қазақша · русский · english
 
 
 
03.10.2024

«Empowering Scientific Habits of Mind via the News and Research Papers on the COVID-19 Pandemic» ғылыми семинары


2024 жылдың 1 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ химия кафедрасында Трабзон университетінің профессоры Муаммер Чалихтың «Empowering Scientific Habits of Mind via the News and Research Papers on the COVID-19 Pandemic» тақырыбында дәрісі өтті.

 

Дәріс барысында профессор Чалих пандемия кезеңінде ғылымның рөлі, зерттеулер мен жаңалықтардың ғылыми көзқарастарды қалыптастырудағы маңыздылығы туралы айтып өтті. Ол студенттерге COVID-19-ға қатысты жарияланған ғылыми мақалалар мен жаңалықтарды талдаудың әдістерін көрсетіп, критикалық ойлаудың қажеттілігін атап өтті.

 

Студенттер дәріс барысында COVID-19 пандемиясының ғылым мен білімге қалай әсер еткенін, сондай-ақ ғылыми ойлау дағдыларын дамыту жолдарын талқылады. Мұндай іс-шаралар білім алушылардың ғылыми зерттеулерге қызығушылығын арттырып, олардың кәсіби біліктіліктерін жоғарылатуға мүмкіндік береді.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу