қазақша · русский · english
 
 
 
09.06.2023

Студенттік өндірістік практика

 

Жаратылыстану және география институты «6В05301-Химия» мамандығының 3 курс студенттерінің өндірістік практикалары Полимерлік материалдар және технологиялар институтында өтті. Ұйымдастырушы практика жетекшісі, оқытушы Асем Узакова.

 

Практиканың алғашқы күні институтқа экскурсия жасалды. Институт мекемесі 1999 жылы профессор, ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Сарқыт Кудайбергеновтің бастамасымен құрылған. Институттың негізгі қызметі полимерлердің химия және физика саласы бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулерді жүргізу, ғылыми нәтижелерді өндіріске. Бұл жайында аға ғылыми қызметкер Гүлнұр Татыханова түсіндірді.

 

Институт 40-тан астам АҚШ, Жапония, Европа елдерінің озық, ең соңғы үлгідегі құрал-жабдықтарымен жабдықталған. Студенттер бірнеше приборларда полимерлердің физика-химиялық қасиеттерін зерттеп, өз білімдерін практикада шыңдады.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу