қазақша · русский · english
 
 
 
14.04.2023

«Химия көктемі» мерекелік кеші

 

2023 жылғы 12 сәуірде Ғылым онкүндігінің аясында Жаратылыстану және география институты химия кафедрасының «6В01510-Химия» мамандығында оқитын 2 курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Химия көктемі» мерекелік кеш өтті. Ұйымдастырушы - химия кафедрасының аға оқытушысы Жанар Жақсибаева. Аталмыш іс-шараға институт директоры, профессор-оқытушылар мен студенттер қатысты.

 

Мерекелік кеш «Ретро стиліндегі 90 жылдар» тақырыбында өтті. Сахна ретро стилінде безендірілді. Институт директоры Күләш Каймулдинова кештің шымылдығын құттықтау сөзімен ашты. Кеш жүргізушілері 90 жылдарда елде болған елеулі оқиғалардың тарихына үңілді.

 

Студенттер «Оттекті вулкан», «Химиялық кемпірқосақ», «Құрғақ мұз» тақырыптарында түрлі химиялық эксперименттер көрсетті. Көрермендермен «Фант», «Атом-молекулалар биі» тақырыптарында қызықты ойындар ойнатылды. Ойын жеңімпаздарына сыйлықтар берілді.

 

Химия кафедрасында ашылған «Sparklе science of chemistry» клубы өздерінің дайындаған номерлерін көрсетті. Клуб мүшелері фильтр қағазына фенолфталеиннің спирттегі ерітіндісінің көмегімен танымал тұлғалардың портреттерін салып көрсетті. Бұл ғажайып көрініс көремендердің көңілінен шықты.

 

Көрермендердің ішінде ретро-стилінде образ сомдап келгендер үшін арнайы сыйлықтар табысталды. Кафедраның бірнеше бітірген түлектері өздерінің жылы лебіздерін видео сәлемдемелер арқылы жіберіп, құрметті оқытушыларына алғыстарын айтты. Кештің ең жағымды сәті осы болды. Оқытушылар өз шәкірттерін көріп көңілдері толқып, қуанды. Кештің соңында студенттер ән айтып, би билеп мерекелік көңіл-күй сыйлады. Көрермендер студенттердің өнерлеріне дән риза болып, қол шапалақтады.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу