қазақша · русский · english
 
 
 
07.04.2023

«Педагогикалық дебют» республикалық байқауы

 

2023 жылғы 5 сәуірде болашақ педагогтердің шығармашылық еркіндік кеңістігін таңдау, зерттеу ізденістерін бағыттау, өзін-өзі жүзеге асыруды қалыптастыру, жеке және кәсіби даму мақсатында еліміздің жоғары оқу орындары арасында педагогикалық бағыттағы «Химия» мамандығының 3-4 курс студенттері арасында «Педагогикалық дебют» республикалық байқауы өткізілді. Іс-шараны Ғылым онкүндігінің іс-шаралар жоспарына сәйкес Жаратылыстану және география институтының химия кафедрасы мен Жас зерттеушілер кеңесі ұйымдастырды.

 

Байқаудың қазылар алқасы - Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінің профессоры Естекова Ханшайым (төраға), қауымдастырылған профессор Ізбасарова Римма, доценттер Мейірманова Аймангүл, Дюсебаев Ханат, аға оқытушылар Чинибаева Нұржан және Нугманова Луиза.

 

Сайысқа 6 студенттік команда қатысты: Абай атындағы ҚазҰПУ (2 команда), Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (2 команда), М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент университеті.

 

Республикалық байқау бес кезеңдерден тұрды: «Мамандығым-мақтанышым» - өзін-өзі таныстыру; «Мен-педагог» - ықшам сабақ; «Педагогикалық блиц» - жылдам жауап; «Pedagogical situation» - жағдаяттық сұрақтар; «Talented teacher» - өз өнерлерін көрсету.

 

Қатысқан командалар барлық кезеңде өздерін өте белсенді көрсетті. Әділ қазылардың шешімі бойынша Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Томирис» және «Тұмар» командалары 3 орынды (50 000 тг. сертификат), Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Chemunity» командасы 2 орынды (70 000 тг. сертификат), Абай университетінің «Wanna be`s teacher» және «Feature teacher» командалары 1 орынды (100 000 тг. сертификат) иеленді. Байқауға қатысқан командалар мен жетекшілер Алғыс хатпен марапатталды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу