«Химия» кафедрасы | Басты / Факультеттер / Жаратылыстану және география факультеті / Кафедралар / «Химия» кафедрасы / Жаңалықтар
02.12.2022
ІІ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның пленарлық мәжілісі мен секция отырыстары
2021 жылдың 30 қарашада Жаратылыстану және география институты химия кафедрасының ұйымдастыруымен профессор Ж.Ә. Шоқыбаевтың, профессор Ә.Ф.Сейтжановтың 80 жылдық және профессор Н.К.Ахметовтың 70 жылдық мерейтойына арналған «Химия ғылымы мен химиялық білім берудің заманауи аспектілері: теориясы және практикасы» тақырыбындағы ІІ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның пленарлық мәжілісі мен секция отырыстары өтті. Қатысушылар - шетел және еліміздің ғалымдары, жас ғалымдар, магистранттар мен докторанттар. Пленарлық мәжіліс және секциялық отырыстар аралас форматта (офлайн және онлайн) өтті.
Конференция келесі төрт секцияда өтті: № 1 секция «ХХІ ғасырдағы химия ғылымының даму ерекшелігі». Төраға - х.ғ.д., профессор Н.Ә. Бектенов. Хатшы - аға оқытушы А.Ұзакова; № 2 секция «Заманауи білім беру кеңістігіндегі оқыту мен тәрбиенің теориясы және әдістері». Төраға - х.ғ.д., доцент М.Ж. Жаксибаев. Хатшы - оқытушы Г.Т. Дюсембаева; № 3 секция «Орта мектепте іргелі пәндерді оқытудың жағдайы». Төраға - т.ғ.к., аға оқытушы Л.А. Жусупова. Хатшы - оқытушы О. Кулумбетова. № 4 секция «Коледж және жоғары оқу орындарында химиялық білім берудің қазіргі жағдайы мен болашағы». Төрайым - х.ғ.к., аға оқытушы А.Е. Сагимбаева. Хатшы - PhD, оқытушы Р. Бақыткәрім.
Іс-шара барысында шетелдік және жергілікті спикерлердің баяндамалары тыңдалып, тәжірибе алмасты. Жас ғалымдар, магистранттар мен докторанттар өз зерттеу жұмыстарын баяндамалар, презентациялар мен постерлер, макет түрінде ұсынды. Секциялық отырыстарда жалпы 100-ге жуық баяндамалар тыңдалды. Конференцияның пленарлық мәжілісі және секциялық отырыстары өте жоғары дәрежеде өтті.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|