«Химия» кафедрасы | Басты / Факультеттер / Жаратылыстану және география факультеті / Кафедралар / «Химия» кафедрасы / Жаңалықтар
15.10.2021
«Алматы жыл мұғалімі» конкурсының жеңімпаздарын марапаттау
Мұғалімдер күні қарсаңында, дәстүрге айналған «Алматы жыл мұғалімі» кәсіби конкурс өз мәресіне жетті. 2021 жылдың 13 қазан күні Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қала педагогтары арасындағы конкурс жеңімпаздарымен және мұғалімдерді қолдау мен кәсіби дамытуға бағытталған арнайы грант иегерлерімен кездесті.
Қалалық «Алматы жыл мұғалімі» конкурсының 3-ші орын жеңімпазы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Жаратылыстану және география институты «Химия» білім беру бағдарламасы тобының оқытушысы және №92 мамандандырылған мектеп-лицейдің химия пәнінің мұғалімі Каумбаев Суннатулла 1 000 000 теңге ақшалай сыйақымен марапатталды.
«Өз мамандығы бойынша үздіктерді анықтауға бағытталған шара дарынды мұғалімдерді қолдап, беделін арттырып, озық педагогикалық тәжірибені бөлісу мақсатында өткізіледі», - деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.
Каумбаев Суннатуллаға шығармашылық табыс пен сәттілік тілейміз!
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|