«Химия» кафедрасы | Басты / Факультеттер / Жаратылыстану және география факультеті / Кафедралар / «Химия» кафедрасы / Жаңалықтар
08.10.2021
Ғылыми-әдістемелік семинар
2021 жылғы 7 қазанда Жаратылыстану және география институтында «Химия» білім беру тобының ғылыми-әдістемелік семинар өтті.
Семинардың күн тәртібінде: 1. «Химия» ББ тобының 2021/2022 оқу жылына арналған ғылыми-әдістемелік жұмыстарының жоспарын дайындау және бекіту. Жауапты: Шоқыбаев Жеңіс; 2. Жаңартылған білім мазмұнына негізделген сабақты жоспарлаудың ерекшеліктері. Жауапты: Мансуров Бакир; 3. Жоғарғы оқу орындарында дәріс оқу әдістемесі. Жауапты: Абдикаримов Малик; 4. 4 курс бакалавр және 1 курс магистранттары мен PhD докторанттардың ғылыми ізденіс жұмыстарының тақырыптарын бекіту. Жауапты: тех хатшылар Колумбетова Оңласын, Сулейменова Меруерт; 5. Баспаға жіберілетін оқулық, оқу құралдары және ғылыми мақалалардың материалдарын талқылау.
Семинарға «Химия» ББ тобының профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Семинарда күн тәртібіндегі барлық мәселелер қарастырылды. Сонымен қатар бітіруші 4 курс бакалавр, 1 курс магистранттары мен 1 курс PhD докторанттардың ғылыми ізденіс жұмыстарының тақырыптары талқыланды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|