қазақша · русский · english
 
 
 
20.05.2020

Онлайн режимінде 4 курс студенттерінің дипломдық жұмыстарын алдын ала қорғау

 

2020 жылдың 18-19 мамыр күндері Жаратылыстану және география институтының химия кафедрасында «5В011200-Химия» мамандығының 4 курс студенттерінің дипломдық жұмыстары онлайн режимде алдын ала қорғаудан өтті.

 

Қатысушылар - химия кафедрасының меңгерушісі, ғылыми жетекшілер, кафедраның профессор-оқытушылар құрамы мен 4 курс студенттері.

 

Қорғау барысында студенттер педагогикалық практика негізінде жасалынған дипломдық жұмыстарын презентация түрінде ұсынып, іс-тәжірибе бойынша қол жеткізген жетістіктері туралы есеп беріп, кафедра оқытушыларының тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

 

Кафедра меңгерушісі Жазира Мұқатаева диплом жұмыстарының техникалық безендірілуі, нормативтік талаптары, антиплагиаттық анықтаманың берілу тәртібі туралы түсіндірді.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

 




Кері оралу