Қашықтан оқытудағы жаратылыстану-ғылыми пәндер бойынша зертханалық сабақтар
2020 жылдың 23 сәуірінде Жаратылыстану және география институтында «Қашықтан оқыту форматында жаратылыстану пәндері бойынша зертханалық жұмыстарды өткізу» тақырыбында жартылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау тобы жобасының жетекшісі Шолпан Карбаеваның ұйымдастырумен ғылыми-әдістемелік вебинар өтті.
Вебинарға Абай атындағы ҚазҰПУ-дың оқу-ісі жөніндегі проректоры Асан Сәтмырзаев, Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің директоры Хайрулла Жанбеков, Білім беру бағдарламаларын жобалау департаментінің директоры Адиля Байдильдина, Жаратылыстану және география институтының директоры Күләш Каймулдинова, А.И.Герцен атындағы РМПУ химия және экологиялық білім беру кфедрасының меңгерушісі Ольга Роговая, кафедра меңгерушілері, профессор-оқытушылар және Қазақстанның басқа да ЖОО өкілдері қатысты.
Ғылыми-әдістемелік вебинарда профессор-оқытушылар құрамы жаратылыстану-ғылыми пәндер бойынша зертханалық жұмыстарды қашықтан оқыту мәселелері туралы баяндама жасап, тәжірибе алмасты. Вебинар қызықты тақырыптарды қамтыды.
Вебинарда Химия кафедрасының оқытушылары: доцент Айгүл Нұрахметова «Применение компьютерных учебных игр по химии в условиях дистанционного обучения», аға оқытушы Жанар Жаксибаева «Online режимінде демонстрациялық химиялық эксперимент» тақырыбында баяндамалар жасады. Айгүл Нұрахметова химия сабағында ойын элементтерін пайдалану студенттер арасында тек жарыс қана емес, сонымен қатар химия білімін тексеруге мүмкіндік беретінін әрі пәнге деген қызығушылығын арттыратынын көрсетті. Жанар Жаксибаева демонстрациялық химиялық эксперименттердің көмегімен студенттерге қашықтан лабораториялық жұмыстарды өткізуге болатындығын көрсетті.