қазақша · русский · english
 
 
 
13.04.2020

«Әбу Насыр әл-Фараби және оның әлемдік ғылымға қосқан үлесі» ғылыми онлайн-семинар

 

2020 жылдың 10 сәуірінде «Ғылым онкүндігі-2020» аясында Жаратылыстану және география институтының химия кафедрасында «Әбу Насыр әл-Фараби және оның әлемдік ғылымға қосқан үлесі» ғылыми онлайн-семинар өтті. Семинардың мақсаты - университет жастарына әл-Фарабидің көпқырлы және бай мұраларын дәріптеу.

 

Ұйымдастырушылар - кафедра меңгерушісі Жазира Мұқатаева және 1-2 курс студенттерінің эдвайзерлері: Тұрар Акылбекова, Балкенже Жолдасбек, Фарида Бухарбаева, Салтанат Заурова.

 

Ғылыми семинарға қатысқандар - Ғылым департаментінің директоры Саябек Сәхиев, Жаратылыстану және география институтының директоры Күляш Каймулдинова, директордың ғылыми істер және халықаралық қатынастар жөніндегі орынбасары Қалампыр Жұмагулова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрлан Манапов, кафедра меңгерушісі Жазира Мұқатаева, кафедраның профессор-оқытушылары мен 1-2 курс студенттері.

 

Семинардың кіріспе сөзі Ғылым департаментінің директоры Саябек Сахиевке берілді. 1 курс студенті Аяулым Әдепхан, 2 курс студенттері Әсел Төлеуханова, Алзира Сандибекова, Сымбат Саяқбаева, Әйгерім Садуақасова, Малика Искандерова ұлы ғалым, философ әл-Фарабидің мұрасы мен ғылымға қосқан үлесі, трактаттарындағы білім, тәрбие мәселелері жайында баяндамалар жасап, видеороликтер мен мультимедиялық презентациялар көрсетті.

 

Ойшыл ғұламаның шығармалары, әсіресе жаратылыстану ғылымдары саласы бойынша жазған еңбектері әлемдік ғылымның, әлемдік философияның дамуына үлкен ықпалы болғандығы, сан қырлылығы студенттердің қызығушылығын тудыртты.

 

Шара соңында институт директоры Күләш Каймулдинова семинардың өзектілігіне тоқталып, қатысушыларға өз ризашылығын білдірді.

 

   

 

   

 

   

 

 

 




Кері оралу