«Химия» кафедрасы | Басты / Факультеттер / Жаратылыстану және география факультеті / Кафедралар / «Химия» кафедрасы / Жаңалықтар
14.02.2020
Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында
2020 жылдың 13 ақпаны күні Абай университетінің бас ғимаратында Жаратылыстану және география институтының ұйымдастыруымен Алматы қаласы бойынша жалпы білім беретін мектептерінің пән мұғалімдерімен жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында кездесу өтті.
Пән мұғалімдеріне Жаратылыстану және география институтының химия, биология, география пәндерінен мұғалімдер даярлау мамандықтары бойынша жасалған білім беру бағдарламалары таныстырылып, жалпы мазмұны мен құрылымы талқыланды.
Жаратылыстану және география институты директоры Күләш Каймулдинова, химия кафедрасының меңгерушісі Жазира Мұқатаева, биология кафедрасының меңгерушісі Мұрат Жақсыбаев, география кафедрасының меңгерушісі Гүлмира Бердыгулова және білім беру бағдарламаларының авторлары, оқытушылар: Қалампыр Жұмағұлова, Шолпан Карбаева, Дина Қаражанова, Әсия Майматаева, Динара Қасымбекова, Жанар Қорғанбаева, Махаббат Амантаева қатысты. Мектеп пән мұғалімдерінен: химия пәні мұғалімдері Маржан Сарсенбаева (№68 мектеп - гимназия) мен Бота Сағидолда (№109 мектеп); биология пәні мұғалімдері Айман Акилбаева (№145 мектеп) мен Нұрбану Басканбаева (№143 мектеп -гимназия); география пәні мұғалімдері Қанат Байтілеуов (№ 108 мектеп) мен Раиса Ахмедьярова (№22 мектеп -гимназия) қатысты.
Мектеп мұғалімдері тарапынан мектептің білім беру бағдарламасын оқушылардың қабылдауы қиын, термин сөздер өте көп, осы олқылықты жою үшін ЖОО оқытушылары мектеп мұғалімдеріне арналған көмекші құрал - оқу-әдістемелік құралдар ұсынылса және әдістемелік пәндер көбірек оқытылса деген ұсыныстар айтылды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|