|
| |
Бөлім Қаржы-экономикалық департаментінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Материалдық құндылықтарды есепке алу және банк операцияларын жүзеге асыру жөніндегі негізгі міндеттері: - университеттің қызметі және оның қаржылық жағдайы туралы толық және дәйекті мәліметтер жасау; - университеттің шаруашылық қызметі туралы мәліметпен қамтамасыз ету; - шаруашылық қызметінің субъектілерін жүзеге асыруда Қазақстан Республикасы заңдарының орындалуын бақылау үшін мемлекеттік органдарды қажетті мәліметтермен қамтамасыз ету; - жинау жүйесі, тіркеу және активтер туралы ақпараттарды, меншіктегі капитал, міндеттемелер, бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес университеттің кіріс және шығыстарын, университеттің саясатын және басқа да құқықтық-нормативтік актілерді қамтитын бухгалтерлік жазбалар мен құжаттарды қолмен жазылған, сондай-ақ «1С: Бухгалтерия» бағдарламалық жүйесінің көмегімен дайындалған алғашқы құжаттарды, журналдарды, жазбаларды қаттау, университеттің шаруашылық қызметі және оларды сақтау, мұрағаттау туралы мәліметтері бар құжаттарды хаттау; - бухгалтерлік ақпараттарды есепке алу әдістерін анықтау, сонымен қатар есептік мәліметтер технологиясын, қаржы қорларын ұйымдастыру және басқару, шүбәсіз және салыстырмалы қаржылық есепті дайындау және ұсыну.
Бөлімнің негізгі қызметі: - тиісті есеп учаскелері бойынша алғашқы құжаттарды қабылдау және бақылау, өңдеуге дайындау; - бухгалтерлік есепке алу мен есеп беруді, міндеттемелер мен шаруашылық операцияларын жүргізу; - қамтамасыз етушілермен, мердігерлермен есептесудің есебін жүргізу, келісім-шарттармен жұмыс істеу, салыстырмалы акт жасау; - мүліктің саны мен қозғалысына, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының бекітілген норма, норматив, смета бойынша пайдаланылуына, сондай-ақ дебиторлармен және кредиторлармен уақытылы есеп айырысуды есепке алу және бақылау; - ТМЗ мен негізгі қорларды, айналымдағы және қаржы-қаражатты, шығыс сметасының орындалуын есепке алу; - ақшалай қаражаттың, тауар-материалдық құндылықтардың, негізгі қорлардың уақытылы инвентаризациялануына бақылау жасау; - бюджеттік төлемдерді дұрыс есептеуге және дер кезінде аударуға, салықтық және статистикалық есептерді уақытылы жасап өткізуге бақылау жасау; - ақшалай қаражаттың қозғалысына байланысты бухгалтерлік есеп операцияларын құжат бойынша көрсетуді қамтамасыз ету; - есепке алу, есеп беру, қаржылық бақылау мәселелері қаралған жағдайда тиісті органдарда университеттің мүддесін білдіру; - университеттің қаржы-шаруашылық қызметін талдамалы және синтетикалық есепке алу.
|