қазақша · русский · english
 
 
 
26.02.2019

Жастар жылы-2019: біз спортпен достасамыз!

 

22-23 ақпанда «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамының ұйымдастыруымен студенттер арасында «Жастар жылы-2019» тақырыбына орай студенттер үстел тенисі, баскетбол, волейбол және кіші футбол спорт түрлері бойынша сынға түсті.


Жарыстың мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау, денсаулықтарын нығайту, студенттердің спортқа деген қызығушылығын арттыру. Жарыстың соңғы күнінде «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к., профессор Ерғали Мухиддинов жарысты ұйымдастырушыларға алғысын айтып, осы іс-шараларды мүмкіндігінше жиі өткізуге тілек білдірді.


Байқаудың қорытындысы:
футзал: 1-ші орынды Өнер, мәдениет және спорт институтының командасы; 2-ші және 3 -ші орындарды Жаратылыстану және география институты, Сорбонна-Қазақстан институтының командалары алды;

үстел теннисі: 1-ші орынды Тарих және құқық институтының командасы; 2-ші және 3 -ші орындарды Математика, физика және информатика институты, Жаратылыстану және география институтының командалары жеңіп алды;

волейбол: 1-ші орынды Өнер, мәдениет және спорт институты; 2-ші орынды Жаратылыстану және география институтының командасы; 3-ші орынды Тарих және құқық институты иеленді;

баскетбол: 1-ші орынды Сорбонна-Қазақстан институты; 2 -ші орынды Өнер, мәдениет және спорт институты; 3 -ші Жаратылыстану және география институты иеленді.

 

Жеңіске жеткен командалар арнайы дипломдармен марапатталды.

 

   

 

   

 

  

 

 




Кері оралу