Дене шынықтыру және спорт кафедрасы | Басты / Факультеттер / Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультеті / Дене шынықтыру және спорт кафедрасы / Жаңалықтар
22.11.2024
Студенттер мен магистранттардың дәстүрлі 79-ғылыми конференциясы 2024 жылдың 15 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ дене шынықтыру және спорт кафедрасында студенттер мен магистанттардың 79-ғылыми дәстүрлі конференциясы өтті. Биылғы 2024-2025 оқу жылында ғылыми конференцияға қатысуға 33 бакалавр студенті өтініш берді. Өтініш берушілердің тақырыптары толықтай конференция бағдарламасына енгізілген. Конференция барысында ғылыми баяндама жасаушылардың жұмыстары тыңдалып, баяндамашыларға сұрақтар қойылып, секция отырысы қызу пікірталас түрінде өтті.
Студенттер баяндамаларын регламент бойынша, яғни 5 минутта орындауға тырысты. Оларға оқытушылар тарапынан қосымша сұрақтар қойылып, пікірталас жүргізілді.
Секция отырысына секция төрайымы Р.С.Кокебаева, хатшы Н.Ә.Кәден, комиссия мүшелері А.Р.Абишев, Ш.Б.Оразов Ж.А.Карибаев, кафедраның оқытушылары Ж.Т.Әмитова Л.Орынбаева және студенттер белсене қатысып отырды.
Студенттер мен магистранттардың 79 ғылыми дәстүрлі конференциясы жоғары деңгейде өтті. Жасалған баяндамаларда дене шынықтыруды оқытудағы инновациялық бағыттардың маңыздылығымен қатар, басқа да пәндерді (педагогика, психология т.б.) оқытудағы инновациялық технологияларды қолданудың тиімділігі көтерілді және студенттердің өз тараптарынан дайындалған қосымшалар, боттар ғылыми жұмыстарының практикалық маңыздылығын аша түсті.
1-орын: Баяндама тақырыбы: «Спорт және жарыс этикасының қазіргі таңдағы мәселелері»; Баяндамашы: Сагиндикова Аида, 2 курс «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы; Ғылыми жетекшісі: Карибаев Ж.А.- магистр, аға оқытушы. 2-орын: 1. Баяндама тақырыбы: «Физикалық жүктеме кезінде адам ағзасында болатын биохимиялық өзгерістер»; Баяндамашы: Әбдіжаппар Әлішер 3 курс «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы; Ғылыми жетекшісі: Әмитова Ж.Т. Магистр, оқытушы. 2. Баяндама тақырыбы: «Циклді спорт түрлерімен шұғылданатын спортшылардың сыртқы тыныс алу жүйесі ерекшеліктері»; Баяндамашы: Тоқтасын Нұрболсын 3 курс «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы; Ғылыми жетекшісі: Ерданова Г. Магистр, оқытушы. 3-орын: 1. Баяндама тақырыбы: «Жасөспірімдердің қазақ ұлттық спортына қызығушылығын қалыптастыру»; Баяндамашы: Сагынбаев Бегзат 3 курс «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы; Ғылыми жетекшісі: Кәден Н.Ә. Магистр, оқытушы. 2. Баяндама тақырыбы: «Спортшылардың допинг қолдануының алдын алу»; Баяндамашы: Хожаназар Бейбарыс 3 курс «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы; Ғылыми жетекшісі: Балгимбеков Ш.А. м.ғ.д., профессор. 3. Баяндама тақырыбы: «Қазақтың ұлттық спорт түрлері»; Баяндамашы: Абдіқұл Алтынгул 3 курс «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы; Ғылыми жетекшісі: Абишев А.Р. б.ғ.к., аға оқытушы. Алғыс хаттар (4 орын): 1. «Әлеуметтік маңыздылығы үшін»; Баяндама тақырыбы: «Жаттықтырушы - дене шынықтыру пәні мұғалімінің сөйлеу техникасы»; Баяндамашы: Тиллаев Асылхан 3 курс «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы. Ғылыми жетекшісі: Мұрат А. Магистр, оқытушы. 2. «Теориялық маңызды зерттеу»; Баяндама тақырыбы: «Спорттық диета»; Баяндамашы: Канижан Анель 2 курс «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы; Ғылыми жетекшісі:Кокебаева Р.С. п.ғ.к., аға оқытушы. 3. «Үздік қорғаушы»; Баяндама тақырыбы: «Дене тәрбиесі арқылы тұлғаны қалыптастырудың психологиялық ерекшеліктері»; Баяндамашы: Амантайұлы Жайдарбек, 2 курс «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы; Ғылыми жетекшісі: Карибаев Ж.А.- магистр, аға оқытушы.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|