Негізгі бет /
Хабарландыру
06.11.2013 Құрметті болашақ бакалаврлар! Ұзақ уақытқа шекара аспай, америкалық және еуропалық аккредитациясы бар жетекші шетелдік оқу орындарында сапалы білім алғыныз келе ме? Олай болса, бұл ақпарат сізге арналған! Осы мақсаттарда Америкалық Гирне Университетінің (ГАУ, Солтүстік Кипр), Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің және «Central asian education group» ЖШС арасындағы халықаралық Бас келісім бойынша 2013-2014 оку жылынан бастап ҚазҰПУ және Қазақстан Республикасының басқа да жоғары оқу орындарының студенттері үшін (Келісімге сәйкес) білім берудің барлық баспалдақтары бойынша (бакалавриат-магистратура- PhD докторантурасы) қосдипломдық білім берудің бірлескен халықаралық бағдарламасы жүзеге асырылуда. Осы қосдипломдық білім беру бағдарламасы бойынша Абай атындағы ҚазҰпу-дегі 3,5 жылдық немесе өз университетіңіздегі 0,5 жылдық (оқу жылының жазғы семестрін қосқанда 6-шы немесе 7-ші семестр) Американдық Гирне Университетінде (ГАУ, Солтүстік Кипр) оқуды ұсынамыз. Бұл- Америкалық Білім беру консорциумына (АОК) енетін, шамамен әлемнің 80 елінен жетекші университет. Ең бастысы - әрине, оқыту бағасы. Оқу ақысы қазақстандық мөлшерлеме барынша жақындатылған, студенттердің көпшілігі үшін қолжетімді баға. Мәселен, 2011-2012 оқу жылында Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰпу-де 5В050600- «Экономика» мамандығы бойынша оқитын студенттердің төрт толқыны оқу бітіріп, ҚазҰТу-дің Экономика бакалавры және ГАУ-дың Мұнай жэне газ менеджметінің бакалавры мамандықтары бойынша қос диплом алып шықты.
Халықаралық қосдипломдық бағдарлама мәні
Студенттер (мемлекеттік білім гранттарының иелері де) бірлескен халықаралық қосдипломдық бағдарлама (Мажор-Минор) бойынша өз оқу жоспарлары мен мамандық түріне байланысты қосылған ГАУ-дың 4-6 пәнінің Бағдарламалары арнасында білім алады. Оқу студенттердің өз тандауларымен ГАУ-да (Солтүстік Кипр) немесе оның бөлімшілерінде: ГАУ-Кантербери (Ұлыбритания),ГАУ-АҚШты, ГАУ-Сингапурда және ГАУ- Стамбулда (Түркия) тағы жарты жылға жалғасады. Мәселен, мамандыққа байланысты 2-ші немесе 3-ші курстан бастап университеттің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да жоғары оқу орындарының студенттері қосымша түрде ГАУ-дың 4-6 пәні бойынша ағылшын тілінде дәріс алатын болады. Одан соң басты оқу орнына (ГАУ, Солтүстік Кипр) немесе оның бөлімшелеріне барып, жоғарыда көрсетілген жоба бойынша білім алады. Оның алдында TOEFL, IELTS т.б. Сертификаттары жоқ студенттер ағылшын тілінен тест тапсырады. ЖОО-ларды халықаралық аккредитациялаудың шарттары бойынша 2-ші қосымша дипломды алу үшін университеттің өзінде немесе оның бөлімшелерінде 9-10 пәннен білім алу қажет. Оқудың сонғы курсы және дипломдық жобаны қоргау Абай атындағы ҚазҮПУ-де немесе Қазақстан Республикадағы өз жоғары оқу орнында өткізіледі. Бірлескен халықаралық бағдарламаны аяқтаган студенттер екі диплом алады, олар: Абай атындағы ҚазҰПУ-дың немесе оқу орнының дипломы және ГАУ дипломы. 2013-2014 оқу жылынан бастап бірлескен халықаралық қосдипломдық бағдарламалар бойынша Абай атындағы ҚазҰпу-де бакалавриат үшін 10 мамандық іріктелді. Олар: 5В042100 «Дизайн» (кәсіп бойынша) 5В050900 «Қаржы» 5В050800 «Есеп және аудит» 5В051100 «Маркетинг» 5В020200 «Халықаралық қатынастар» 5В011900 «Шет тілі» 5В050300 «Психология» 5В030100 «Юриспруденция» 5В090200 «Туризм» 5В070300 «Ақпараттық жүйелер» 5В060800 «Экология» 5В010800 «Дене мәдениеті және спорт»
Оларды бітірген соң түлектер Абай атындағы ҚазҰПУ-дің немесе ҚР-дағы өз жоғары оқу орнының негізгі (Мажор) дипломын, сондай-ақ ГАУ-дың қосымша (Минор) 2-ші дипломын алады. Ол мамандықтар: Халықаралық бизнес менеджмент бакалавры Халықаралық бизнес менеджмент бакалавры Халықаралық бизнес менеджмент бакалавры Халықаралық қатынастар бакалавры Шет тілі бакалавры Психология бакалавры Юриспруденция бакалавры Туризм және қонақүй ісі менеджментінің бакалавры Ақпараттық жуйелер менеджментінің бакалавры Дене мәдениеті жэне спорт менеджментінің бакалавры
Халықаралық қосдипломдық бағдарламаға түсу тәртібі Бакалавриатқа студенттер қабылдау Абай атындағы ҚазҰпу-де немесе ҚР-дағы өз жоғары оқу орындарында жоғарыда көрсетілген 10 мамандық бойынша ҚР Білім және ғылым Министрінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы «Оқушыларды білім алуды ұйымдастыру типтері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау Ережелерін бекіту туралы» № 5420 бұйрығына сәйкес төмендегідей тәртіпте жүзеге асырылады: 1. Бірлескен халықаралық қомдипломдық бағдарлама қатысу туралы «Central asian education group» ЖШС-не өтініш беріледі (Абай атындағы ҚазҰПУ-дің №10 оқу ғимараты, №304 бөлме, Жамбыл көшесі,25 Ш.Уәлиханов көшесінің қиылысында), студенттердің аппликациялық формасы толтырылады. 2. Төлқұжаттың көшірмесі, білім мекемелерін бітіргені туралы дипломның және TOEFL, IELTS т.б. өткізгені туралы сертификаттардың ағылшын тіліне аударылған нұсқасы мен нотариалды расталған көшірмелері, 3*4 кқлеміндегі 4 турлі түсті фотосурет өткізіледі. 3. Сабақ басталар алдында арнайы комиссия ағылшын тілін білу деңгейін анықтайтын емтихан -тест өткізеді. Ағылшын тілін оқу үдерісіне жеткіліксіз деңгейде білетін студент бірлескен бағдарламадан шығарылып, әдепкідегі тәртіпте оқуын жалғастырады, басқаша айтқанда Абай атындағы ҚазҰПУ-де немесе ҚР-дағы өз жоғары оқу орнында оқи береді. 4. Ағылшын тілі бойынша емтихан-тест нәтижелері жарияланған соң студенттермен келісім-шарт жасалып, бір академиялық оқу жылының ақысы келер жылдың 31 желтоқсанына дейін төленеді, өйткені университет немесе ҚР-дың басқа жоғары оқу орны Бас Келісім бойынша 2-ші қосымша диплом үшін ГАУ-да оқыган мерзіміне төленетін ақының 25% ГАУ-ға және қосдипломдық бағдарлама ақысының 10% «Central asian education group» ЖШС-ға жіберуге тиіс Атап айту керек, жол-көлік шығындарын, тұрғын орын, тамақтану, сондай-ақ ГАУ-дагы оқу ақысын студенттер өздері төлейді. Университет ешқандай шығынды мойнына алмайды. Қосдипломдық бағдарламаға қатысушы барлық студенттер ГАУ-ға барар алдында университетке және оның бөлімшілеріне қабылданған құжаттардың қаралу ақысын және тіркеу жарнасының ақысын «Central asian education group» ЖШС-нің есеп-шотына төлеуге тиіс. ГАУ-да және оның бөлімшелерінде оқыган уақытында ақылы негізде оқитын студенттер Абай атындағы ҚазҰПУ-дегі немесе өз университетіндегі оқу ақысынан жазғы семестрді қоса есептегенде 6 семстрде босатылады (жартыжылдық оқу ақысынан). Ал грантпен оқитын студенттердің ақшасы өз университетіндеқалдырылып, 2-ші қосымша диплом үшін төленіп ақы есебіне қосылады. 5. Сабақ 1 қыркүйекте басталады, оқуға қабылдау тамыз айының соңында жургізіледі. 6. Айта кету керек, ГАУ-дағы пәндерді оқыту мамандыққа байланысты 2-ші немесе 3-ші курстарда ағылшын тілінде жүргізіледі,ал Абай атындағы ҚазҰПУ-дің немесе басқа ЖОО-лардың пәндері қазақ және орыс тілінде оқытылып, біртіндеп ағылшын тіліне көшеді. Оқыту бағасы Бакалавриат- Абай атындағы ҚазҰПУ-де немесе ҚР-дағы басқа ЖОО-да-3,5жыл және студенттер таңдауындағы оның бөлімшелерінде жарты жыл (6-шы немесе 7-ші семестр, оған жазғы семестр қосылады) оқиды. Абай атындағы ҚазҰПУ-де қодипломдық бағдарлама бойынша оқыту бағасы таңдалған мамандыққа байланысты 450000 мыңнан 650000теңгеге дейін өзгермелі болып келеді (бір академиялық жыл), бұл ақылы негізде оқитын студенттер ушін. ГАУ-дағы оқыту бағасы мамандыққа байланыста 5000Еуро мен 6000 Еуро аралыгында болады. Ескертпе: Бұл төлемдер 2013-2014 оқу жылына арналған мәлімет. Алдағы уақыттарда аздаған өзгерістер болуы мүмкін. Атап айту керек, бұл университеттерде оқу кезеңіндеуниверситет Абай атындағы КазҰПУ-мен елісе отырып, осы бірлескен қосдипломдық бағдарламаға қатысушылар үшіноқу бағасын 50%-ға азайтатын жеңілдіктерді жузеге асырады. Кипрдегі және Ұлыбританиядағы Америкалық университеттермен толық танысқысы келетіндер үшін келесі сайттар ұсынылады: Кипр (www.gau.edu.tr) және Ұлыбритания(www.gau.org.uk).
Анықтамалық телефондар: 291-66-46,+77013740149,+77022316768 немесе Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Халықаралық қызметтестік басқармасы: 291-36-92
|